Коммерциялық құпия. Қазақстанда жасалған

Жаһандық дағдарыс кезінде кәсіп көкжиегін кеңейтіп, әлеуетті еселеу әрбір бизнесменнің өз қолында.

Оның ішінде бәсекелестікке қабілетті отандық өндірісті арттыруға жасалған қадам маңызды орын алады. Өз бизнесін ашамын деген кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан қолдаулар да жасалып отыр. Соның дәлелі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ашылған елордалық шұлық шығаратын фабрика. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 1,5 мың шұлық шығаруға қауқарлы. Асқақ мақсат жолында еңбек етіп жатқан тағы бір елордалық наубайхана да отандық өнімді шығарып келеді. Бүгінгі таңда еліміздің солтүстігінен әкелінетін ұннан жасалған нан өнімдері дүкен сөрелерінде сатылып жатыр.