Бірнеше күн бұрын қатты зілзаладан жапа шеккен Эквадорда да су тасқыны болды. Толассыз жауыннан елдің Тынық мұхиты жағалауына жақын аймақтарын қызыл су басып жатыр. Табиғат апатынан, әсіресе, Санта-Роса мен Гуаякиль қалалары қатты зардап шекті. Қос шаһардағы көп аудан су астында қалған. ал, синоптиктер болса алдағы күндері өңірлерде тағы нөсер жауын жауатынын ескертуде. Кевин Унузго, полицей: - Толассыз жауыннан қаланың біраз ауданын су басып жатыр. Оған шаһар шетіндегі өзеннің арнасынан асуы себеп. Қазір апат аудандарында құтқару шаралары жүріп жатыр.