StatCounter сервисі 2020 жылдың наурызынан бастап 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта ең көп қолданылған браузерлер туралы мәліметтер жариялады. Соған сәйкес, Firefox браузері рейтингте орнын жоғалтқан. Қазір Firefox-ке біз үшін бейтаныс Samsung Internet жақындап қалған. Сонымен, ең танымал алты браузердің тізімі мынадай: Chrome – 64,15% Safari – 19,05% Firefox – 3,69% Microsoft Edge – 3,45% Samsung Internet – 3,27% Opera – 2,14.