Карантин тәртібін бұзған ойын-сауық Каталонияның Барселона провинциясындағы елді мекенде болған. Думанға 200-ге жуық адам жиылыпты. Полиция би кешін тоқтатуды талап еткенмен, бидің қызығына түскен жұрт тәртіпке бағынбаған. Ұзақ үгіттеуден кейін тәртіп сақшылары 2 ұйымдастырушыны қамауға алды. Тағы 5 адам тергеліп жатыр. Полиция белсенділерге 3 мыңнан 600 мың еуроға дейін айыппұл салынады деп мәлімдеді.