Нью-Йоркте осыдан 77 миллион жыл бұрын өмір сүрген динозаврдың бір түрі Горгозаврдың қаңқасы аукционға сатылымға қойылады. АҚШ-та табылған жыртқыштың бойы 3 метрден асса, ұзындығы 6 метрге жетеді. Ғалымдар оны 2018 жылы Монтана штатындағы Джудит өзені маңынан тапқан. Шараны ұйымдастырушы ежелгі дәуірдегі жыртқыш қаңқасы 7 миллион долларға сатылаДЫ деп топшылап отыр. Бәссауда шілденің 28-іне жоспарланған. Кассандра Хаттон, SOTHEBY'S сауда үйінің вице-президенті: - Бұл Горгозаврдың сүйектері жақсы сақталған. Оның ғылым әлемі үшін құндылығы зор. Қазір мұндай динозаврлардың бірнеше қаңқасы ғана бар. Олардың бәрі мұражайларда тұр.