USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Арнайы жоба аясында қазақ тіліне аударылатын кітаптардың алғашқы легі белгілі болды

  • 111
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Арнайы жоба аясында қазақ тіліне аударылатын кітаптардың алғашқы легі белгілі болды

Алматыда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында ана тілімізге аударылатын кітаптардың алғашқы легі белгілі болды.

Биыл философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент және басқа да салалар бойынша 17 оқулық аударылады. Қазір шетелдік баспалармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Алматыда өткен республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу кезінде айтты. Жалпы бұл шаһарда осы жылдың сәуір-тамыз айларында «Рухани жаңғыру» тақырыбы негізінде 63 жоба жүзеге асқан.

Владимир Божко, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:

- Бағдарлама бойынша көп жұмыс қолға алынды. Оған мемлекеттік аппаратпен бірге саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар атсалысып жатыр. Бағдарлама экономиканы дамытып, қауіпсіздікті нығайтып, мәдениетімізді көркейтуге жол ашады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top