USD 327.20

EUR 388.00

РУБ 5.31

Талдықорғанда «Welcome to Zhetysu» фильмі түсіріле бастады

Талдықорғанда «Welcome to Zhetysu» фильмі түсіріле бастады

Алматы облысында «Welcome to Zhetysu» фильмінің түсірілімі басталды. Жерлестеріміздің туған елге және ондағы көрікті мекендерге деген қызығушылығын ояту мақсатында қолға алынған туынды Тәуелсіздік күні қарсаңында көпшілік көрерменге жол тартады.

Түсірілім жұмыстары Алматы облысының ең көрікті жерлері: Шарын шатқалы мен Көлсай көлдерінде және Орталық Азиядағы ең үлкен сарқырама Бұрхан-Бұлақта жүргізілген. Сондай-ақ фильмге негізінен жас актерлер тартылды.

Жұмабек Әділет, «Welcome to Zhetysu» фильмінің сценарисі:

– Біздің тарихымызды, дәстүрімізді ала отырып, заманауи мемлекет құрамыз деп Елбасымыз айтты. Басты мақсатымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында біз де дәстүрімізді, тарихымызды ала отырып, көрермендерімізге жаңа форматта көрсету болды. Сыртқы және ішкі туризмді дамыту, біздің өнерімізді биік белестерге көтеру. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде