USD 319.68

EUR 392.60

РУБ 5.63

Астанада латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі талқыланды

  • 189
Астанада латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі талқыланды

Бүгін мәдениет пен білім саласының өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері Астанада бас қосып, латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесіне қатысты өз пікірлерін білдірді. Жиында латын қарпіне көшудің артықшылықтары мен осы жолда туындауы мүмкін мәселелер де талқыланды. 

Десе де арқаны кеңге салуға болмайды. Себебі атқарылар іс көп. Бұл ретте лингвистерге үлкен үміт артылып отыр. «Олар халықтың сенімін ақтауы тиіс», деді шараға қатысушылар. Басқосуда сондай-ақ қазақ тілінің «антивирустық» қабілеті жоқ деген де пікір айтылды. Ал латын қарпіне көшсек, жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Ғани Бейсембаев, «EDTECH» халықаралық білім орталығының директоры:

– Замануи тілмен айтқан кезде антивирустық құдіретінен айырылған тілдердің бірі. Біз кез-келген сөзді сол күйінде қабылдаймыз. Тілдің құдіреттілігі сонда: бұл сөздер өзгеріске түсіп барып, қабылдану керек. Кезінде завод деген сөздер зауыт деп қабылданатын болса, ол сол тілдің құдіреттілігі.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде