USD 340.71 EUR 404.90 РУБ 5.90

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


М.Сабыр: Басты нәрсе – қазақтың төл ұлттық әліпбиіне реформа жасау

  • 52
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
М.Сабыр: Басты нәрсе – қазақтың төл ұлттық әліпбиіне реформа жасау

Қоғам талқысына түсіп, ғалымдар сүзгісінен өтіп жатқан қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартының нұсқасы қабылданар күн жақын. Ал келер жылы жаңа латын қарпін үйрететін мамандар даярлау орта мектептерге арналған оқулықтар құрастыру жұмыстары басталмақ.

Парламенттік тыңдауда да жаңа әліпбиге көшудің уақыт талабы екендігі, тілдің халықаралық мәртебесін көтеру әлемдік өркениетке жетудің басты кепілі екендігі айтылды. Ал батысқазақстандық ғалымдар: «Ахмет Байтұрсыновтар қолданған қаріпті енгізу арқылы тілді жаңғыртамыз, рухани сананы түлетеміз. Көптен көкейде жүрген өзекті мәселенің нақты өмірде жүзеге асуына өз үлесімізді қосатын боламыз», – дейді.

 Мұрат Сабыр, филология ғылымдарының докторы, профессор:

– Латын жазуына өтудің екінші жанама пікірлері бар, яғни халықаралық әлемдік интергацияға шығу, әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу, түркі әлеміне жақындасу. Бірақ мұның бәрі жанама нәрсе. Басты нәрсе – ұлттық мүдде тұрғысынан қазақтың төл ұлттық әліпбиіне реформа жасау.

Болат Жексенғалиев, мемлекеттік тілді оқыту орталығы директорының міндетін атқарушы:

– Ағылшын тілінің дыбыстық қоры бар жоғы 46 дыбыс болса да, олар латын әліпбиіне артық әріпті қосқан жоқ. Латын әліпбиіндегі 26 әріпті пайдаланып, ұлттық әліпби жасады. Негізінде бізге де латын әріпіндегі 26 әріптен басқа артық әріп керегі жоқ деген пікірдеміз. Өйткені артық әріп –  артық бағдарлама, артық таңба салу. Мына қазіргі кезеңде біздің қазақ жазуының халықаралық бағдарламаларға еңбей отыруының да өзі де осыдан ғой. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top