USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Алматыдағы ҚХА орталығы жастарды теріс діни ағымдардан қорғау тақырыбында отырыс өткізді

  • 179
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматыдағы ҚХА орталығы жастарды теріс діни ағымдардан қорғау тақырыбында отырыс өткізді

Радикалды діни ағымдар – қоғам дерті. Ал албырт жастарымыз арам пиғылды діншілдердің арбауына түсіп, адаспауы үшін діни сауатты болуы тиіс.

Осы тақырып Алматыдағы Экономика және статистика академиясында өткен басқосуда талқыланды. Оқу орны жанындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясының» орталығы ұйымдастырған шараға дін саласының мамандары шақырылды. Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласынан кейін дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасы әзірленген болатын. Бұл құжатта негізгі басымдық діни экстремизм мен теріс ағымды діни топтарға қарсы әрекет ету мәселесіне ерекше мән берілген. Әрбір жоғары оқу орны осы тұжырымдамаға сүйене отырып, студенттерге ұлттық құндылықтарды дәріптеуіміз қажет. Олардың дұрыс пен теріс пиғылды ағымдарды ажырата білулеріне ықпал ету керек. Бұл сарапшылар пікірі.

Бақытжан Саттершинов, философия ғылымдарының докторы:  

- Концепцияның негізгі бағыты бұл еліміздегі мемлекет пен дін аралық қатынасын және діндердің өзара қарым-қатынасын жетілдіру. Екіншіден, мемлекеттің зайырлылық негіздерін одан әрі нығайту. Дінді экстремистік және радикалдық сипатта қолдануға жол бермеу.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top