USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Елімізде жоспарға сәйкес дейін салынып бітуге тиіс үйлердің тек 3,2 пайызы ғана қолданысқа берілген

  • 80
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елімізде жоспарға сәйкес дейін салынып бітуге тиіс үйлердің тек 3,2 пайызы ғана қолданысқа берілген

«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша қаржы межелі мерзімде игерілмей отыр.

Бүгін Мәжіліс депутаттары «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы комиссия отырысында осындай сын-пікір айтты. Халық қалаулылары Инвестициялар және даму министрлігі ұсынған құжаттарда бірнеше қате барын анықтап, жауапты ведомство өкілдеріне ескерту жасады. Мәселен, жоспарға сәйкес жыл соңына дейін салынып бітуге тиіс үйлердің тек 3,2 пайызы ғана қолданысқа берілген. Ал енді қалған екі айда құрылыстың толық аяқтала қоюы екіталай. Министрлік қызметкерлері фракцияның алдағы кеңейтілген отырысында осы олқылықтардың орнын толтырып, нақты ақпар әзірлеуге уәде берді. Оны орындау үшін енді жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс жүргізу керек.

Сергей Симонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қытымыр қыс мезгілі де келді. Солтүстік өңірлерде тұрғын үйлерді абаттандыру жұмысы дер кезінде аяқталмайтыны анық. Кейбір облыстарда құрылыс компаниялары үй салатын жер аумағын ауыстырып жатыр. Мұндай жағдай Қызылорда облысында болды. Яғни олар көп уақыт жоғалтып алды. Ақша игерілмей қалды. Бірақ пайдаға жаратылмаған ақша бюджетке қайтарылатын болады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top