Саяхат. 1500 жылдық тарихы бар Түркістан қаласы

Бұл іргесі V-VI ғасырларда қаланған Қазақ хандығының астанасы болған қала. Оның көне атауы Яссы. Мұнда келген кез-келген туристің ең басты мақсаты қаладағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін көру. Ерекше архитектурасы бар онда қандай тарихтың сыры жатыр? Сәулет несімен ерекшеленеді?