USD 330.32 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Ақмола облысында Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды

  • 266
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (1 Vote)
Ақмола облысында Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш орнатылды

Ақмола облысының Степногор қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Сәтбаевқа еңселі ескерткіш орнатылды.

Оның ашылу салтанатына еліміздің танымал тұлғалары, геологтар мен ғалымның ұрпақтары қатысты. Қаныш Имантайұлының жас шағы бейнеленген қола мүсіннің биіктігі, тұғырымен қосқанда, 8 метрдей. Туындының авторы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Азат Баярлин. Айта кетейік, ғұлама ғалымға еліміздің бірқатар қаласында және Ресейдің Томбы қаласында да ескерткіш қойылған.

Әлима Жармағамбетова, Қ.Сатпаевтың немересі: 

- Қарағанды, Сәтпаев, Жезқазған және Екібастұз секілді өнеркәсіптік қалалардың барлығын да атамызға ескерткіш орнатылған. Енді, міне, өңірдің бірден-бір өндірістік шаһары саналатын Степногорда да осындай монумент бой көтерді. Бұл бізді қатты қуантады. Еліміздің индустриялық дамуы атамның арманы болатын.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top