USD 330.32 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Алматыда «Менің сүйікті қалам» фотокөрмесі ашылды

  • 242
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматыда «Менің сүйікті қалам» фотокөрмесі ашылды

Қала күніне орай «Байқоңыр» метро стансасында Алматының бұрынғы келбеті мен бүгінгі бейнесін айшықтайтын «Менің сүйікті қалам» фотокөрмесі ашылды.

Көрменің «ескі қала» бөлімінде Алматының тарихи мұражайынан алынған суреттер қойылған. Ал «Бүгінгі Алматы» бөлімінде алмалы шаһардың ажарлы кескін-келбетін таспаға түсірген жастардың еңбектері қойылған.

Айта кетейік, көрмеге алматылықтардан 100-ден аса жұмыс түскен. Сарапшылардың сынынан өткен 18 туынды көпшілік назарына ұсынылды. Шара барысында мың бояулы қаланы сәтті бейнелеген қылқалам шеберлері марапатталды. Фотокөрме 17 қыркүйекке дейін жалғасады.

Әли Солтанбеков, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

- Қаламыздың көне тарихы мен қаламыздың бүгінгі өмірі бүгін осы фотобайқауда көрініс тапқан. Суреттерді қалалық мұражайларға табыстайтын боламыз. Мұның бәрі қаламыздың ертеңі, бүгінгі күніміз, ертеңгі тарих ретінде қалатынына сенімдіміз.

Сәуле Сембаева, қала тұрғыны, ата-ана: 

- Бүгінгі көрмеге 6 баламның барлығы қатысқан болатын. Үлкенім ғана кәсіби түрде айналысады. Ол Суретшілер одағының мүшесі. Соған қарап кішілерім де қолдарына фотоаппарат ұстап, кез келген жерде, өздеріне ұнаған сәттерді түсіріп алады. Балалардың еңбегі өзіміздің тарихта қалуына себеп болып жатса, қуанбасам, ренжімеймін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top