USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Ұлттық өнер университеті 20 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр

  • 165
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ұлттық өнер университеті 20 жылдық мерейтойына дайындалып жатыр

Қазақ Ұлттық өнер университеті 20-оқу жылын бастады. Осы уақыт ішінде оқу орны 500-ден астам халықаралық және 400-ге жуық республикалық байқаудың лауреаттарын дайындады.

Өнер ордасы 1998 жылы музыка академиясы болып ашылған. Ал 2009 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті болып қайта құрылды. Университет мектеп-колледждің 7, бакалавриаттың 20 және магистратураның 16 бағдарламасы бойынша дәріс береді. Қазіргі уақытта оқу орны 20 жылдық мерейтойына қызу дайындалып жатыр. Студенттер мен оқытушылар құрамы есеп беру концерттерін өткізеді. Сондай-ақ бірқатар халықаралық, республикалық шараға қатысуды жоспарлап отыр.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

- Бүгінгі күні бұл жоғарғы оқу орны халықаралы аккредиттациядан өткен. Осы унивкрситеттің түлектері  халықаралық сахналарда, конкурстарда, фестивальдарда, байқауларда жүлделі орындарды алып жатыр. Біздің киноларымызда  бас рольдерді ойнап жатыр. Осы оқу орнына алдағы уақтытта да жақсылықтар тілейміз. 

Айман Мұсақожаева, Қазақстанның Еңбек ері, ҚазҰӨУ ректоры:

- Қазақстандық өнер жұлдыздарының бірқатары біздің оқуордасынан түлеп ұшты. Вокальдан Сүндет Байғожин, Димаш Құдайберген, Салтанат Ахметоваларды мақтанышпен атап өтер едім. Сонымен қатар  түлектеріміз Астана опера театрында, симфониялық оркестрде, драма театрында, республикамыздың әр түкпіріндегі өнер ұжымдарында еңбек етіп жүр. Студенттер білімдерін шет елдегі үздік өнер  ордаларында жалғастыра алады. Яғни шыңдай алады. Біз әлемнің 50-ден астам жетекші оқу орнымен меморандумға қол қойдық.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top