USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Мамандар отандық киноқорды 3 жылда электронды нұсқаға көшіруді көздейді

  • 156
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Мамандар отандық киноқорды 3 жылда электронды нұсқаға көшіруді көздейді

Боямасыз киномәдениетінімізді әлемге танытудың бірден бір жолы – ұлттық цифрлық топтама қалыптастыру.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының мамандары киноленталардың электронды алтын қорын 3 жыл ішінде жасақтап шығуды көздеп отыр. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігі мұрындық болған жиында хабарланды. Келелі жиынға франциялық мамандар да қатысып, цифрлау тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылардың айтуынша, жаңа мұрағат онлайн кинотеатр арқылы баршаға қолжетімді болмақ.

Еске салайық, мың жарымға жуық фильм сандық жүйеге көшірілмек. Бүгінде оның бір мың бір жүз қырық бесі «Қазақфильмде»  қалғаны Ресей кинофильмдерініҢ мемлекеттік қор мұрағатында сақтаулы.

Сергей Әзімов, кинорежиссер, продюсер: 

- Киноқор керек. Ол енді қыруар жұмыс. Ол ғылыми түрде жасалу керек. Одан кейін өте сапалы сақтау үшін ол біраз қазіргі заманауи жетістіктерді пайдалану керек. Сол себептен осы өткізіп жатқан дөңгелек стол осы үлкен жұмыстың жалғасы. Бұл іске асады деп, кәміл сенемін.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top