×

Warning

JUser: :_load: Unable to load user with ID: 131

USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы әлемнің 30-дан астам елінде болды

  • 142
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
«Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы әлемнің 30-дан астам елінде болды

Қазақ халқының тарихы, Дешті-Қыпшақ аумағында өмір сүрген түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің байланысы, қыпшақ жұртының әлемде қалдырған мәдени мұрасы. Оларды зерттеу және ұлттың рухани жаңғыруы аясында жас буынды партиоттыққа тәрбиелеу. Осы мақсатта бүгін «Дешті-Қыпшақтың ортағасырлық тарихы» атты алғашқы халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Оған елімізден және бабаларымыздың ізі қалған шет елдерден ғалымдар мен зерттеушілер және тарихқа терең бойлауды қалаған жас буын өкілдері қатысты. 

Жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғыру» мақаласының іске асу жайы айтылды. Шараның ұйымдастырылуына «Бабалар ізімен» атты ғылыми экспедицияның жетекшісі Сапар Ысқақов мұрындық болды. Ол бастаған топ 2016-шы жылдан бері әлемнің 30-дан астам елінде болып, қыпшақтардан қалған тарихи жәдігерлерді тауып жүр. Ұлт тарихы мен төл мәдениетіміздің жанашыры өз сапарын жалғастырып, алдағы жылы тағы 20 шақты елді аралауды жоспарлап отыр. 

Сапар Ысқақов, экспедиция жетекшісі:

– Дешті Қыпшақтың 10-шы ғасырдан 15-ші ғасырға дейінгі тарихы дұрыс зерттелмеген. Өз тарихымызды, өз мәдениетімізді зерттеуге уақыт келді. Жастар шетелге барып, мұрағаттарды қопаратын болса, талай заттарды табуға болады. Грузия жерінде көп тастар бар екен. Ол Қазақстанда да, сол жақта да бар. Бұл біздің бабаларымыздың сол жоқта көп уақыт тұрғанын дәлелдеп отыр.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top