USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 136
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 95

Бейжіңдегі «Көркем әлем» көрмесінде Қазақстан таныстырылды

Бейжіңдегі «Көркем әлем» көрмесінде Қазақстан таныстырылды Radiotochka.kz

Бұл күндері Бейжің қаласында «Көркем әлем» халықаралық мәдени көрмесі өтіп жатыр. Онда әлемнің 23 мемлекеті ұлттық дәстүрін таныстырып, мәдениетін паш етті. Қазақстан да бұл шарадан қалыс қалмады.

Қытай астанасындағы ауқымды көрмеде төл өнерімізді насихаттады. Елімізді жақыннан таныстыру үшін дәмді тағамдар ұсынып, естелік сыйлықтар таратты. Қазақстан павильонына келген жұртшылық қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық киімдерін көріп, концерттік қойылымды тамашалады.

Қайрат Абдрахманов, ҚХР ҚР елшілігінің білім және ғылым мәселелері бойынша кеңесшісі:

– Шақырушы тараптың жоспарына сәйкес Қазақстан елшілігі де өз павильонын құрып, осы жерде қазақтың мәдениеті, білім, туризм саласындағы әлеуетімен таныстыру жұмыстарын жүргізуде.

Чжа Хайянь, Бейжің қаласының тұрғыны:

– Бүгін мен Қазақстан көрме залынан дәмі тіл үйіретін қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, қазақ xалқы туралы көптеген мағұлмат алдым. Менің байқағаным қазақ xалқы өте қонақжай екен. Мен «жент» деп аталатын тағамды бірінші рет көрдім. Дәмі қатты ұнады.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде