USD 327.42

EUR 383.90

РУБ 5.31

Алматыда «Алатау алабында» атты өнер кеші өтеді

Алматыда «Алатау алабында» атты өнер кеші өтеді

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ашылғанына тура бір жыл болды.

Осыған орай бүгін театр сахнасында «Алатау алабында» атты өнер кеші өтеді. Оған еліміздің әр түкпірінен арнайы шақырылған әншілер мен жыршылар қатысып, дәстүрлі әндер орындайды. Сондай-ақ 19 дәстүрлі әнші мен театр арасында меморандумға қол қойылды. Бұл өнер майталмандарына жиі сахналық кештер өткізуге мүмкіндік береді. Таяу арада арнайы шығармашылық курстар ұйымдастыру мәселесі де талқыға салынды.

Берік Жүсіп, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры: 

- Негізі шығармашылық кешін беретін кезде көп қиналады. Ғимараттан қиналады. Немесе біздің қазір көптеген қайраткерлеріміз бар шәкірттерімен ықылас концерттерін бергісі келетін. Осы дәстүрлі өнерпаздардың шығармашылығын өз күшімізбен атсалыса отырып дәріптеуге, насихаттауға дайынбыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде