USD 334.80 EUR 394.47 РУБ 5.80

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Белгілі қылқалам шеберлері Жетісуда бас қосты

  • 309
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Белгілі қылқалам шеберлері Жетісуда бас қосты

Алматы облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында белгіленген ауқымды шаралардың арасында Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның 100 жылдық мерейтойы да бар.

Бірақ ұйымдастырушылар тойда ас беріп, жүйрік жарыстыру емес, белгілі қылқалам иелеріне сурет салдыртып, кейінгі ұрпаққа рухани мұра қалдыруды мақсат етіп отыр. Яғни жер жәннаты Жетісуға кәсіпқой суретшілерді жинап, шығармашылық бәйгеге қатыстыру. Кәсіпқой суретшілердің халықаралық бұл плэнері Текелі қаласының маңындағы табиғат аясында өтеді. Оған қазақстандықтармен қатар көршілес Қытай мен Қырғызстаннан 20-ға жуық суретші келген. Суреттердің барлығы Талдықорғандағы бейнелеу өнері галереясына қойылады.

Түсіпхан Лұқпанұлы, ҚХР-дан келген суретші: 

- Бұл жердің табиғаты өте көркем, өзінің қалпын сақтаған. Ешқандай бұзылмаған, экологиясы қорғалған. Ауасы тұнық, суы таза. Осындай бір жақсы жер. Осы бір көркем табиғаттан біраз суреттер салсам деген ойым бар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top