USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қазақстан мәдениеті Киевте таныстырылды

  • 237
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Қазақстан мәдениеті Киевте таныстырылды

Киев тұрғындары мен конақтары бір күнде 35 мемлекеттің төл мәдениеті сан алуан салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Украинада Дүниежүзі халықтары мәдениетінің фестивалі өтті.

Шараға қатысушы елдер көрермен қауымға өздерінің мәдени жетістіктерін, ұлттық киімдерін, кәдесыйларын ұсынып, таңсық  тағамдарынан дәм татқызды.

Жыл сайын төл мәдениеті мен дәстүрін көрсету үшін көптеген мемлекеттер Украинаның астанасына жиналады. Төрт жыл ішінде қатысушы елдердің саны бес есеге өскен. Фестивальға келушілер қалауына қарай өзіне ұнаған іспен  айналыса алады.

Бірі ұлттық тағамдардың дәмін татса, бірі шеберлік сабағына  қатысып, енді бірі мерекелік концерт көріп, кешенмен танысып жүр. Көрермендер арасында әр түрлі ұлт өкілдері де бар.

Светлана Худабаева Қазақстанды еске түсіріп, жерлестерімен тілдесуге болатын шараның қай-қайсысынан да қалған емес. Ол 30 жыл бойы Украинада тұрғанына қарамастан, туған жерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін ұмытпапты. 

Светлана Худабаева, қазақ диаспорасының өкілі:

– Мен үшін Елшіліктің бізді ұмытпай, осындай шараларға шақыруы өте маңызды. Тек өзім ғана емес, қасымнан қалдырмай балаларымды да ертіп келемін. Олар осы жерде өскеніне қарамастан, еліміздің салт-дәстүрін көрсетемін. Бұдан бөлек, диаспорада өзара өтетін іс-шаралар бар. Барлық мейрамды отбасыммен атап өтемін. Елшілік жанынан ашылған үйірмеде қазақ тілін үйреніп жүрмін.

Фестивальдағы Қазақстанның экспозициясы көрермендер арасындағы ең танымалы болды. Қонақтар бауырсақтар мен тәттілерден  дәм татып, Қазақстанның әдебиетімен және ұлттық өнерімен танысуға құштар. Дарья Карякина, ұйымдастырушы:

Адамдардың бір-біріне сый құрмет үшін келгеніне дән ризамыз. Бүгін қазақстандық стенд ең әсерлісі екен. Қазақстанның Елшілігі қонақтарға тәттілер мен ұлттық тағамдарын ұсынып жатыр. Сондай-ақ әдебиеттер көрмесі де қойылыпты. 

Фестивальдың ерекше символы «құндылықтар бақшасы» болды. Қонақтар оны  ізгі тілектер жазылған қағаз жапырақтармен безендірді. Осының өзі баға жетпес басты құндылық халықтар достығы мен бірлігі екенін айқын аңғартып тұр.

Авторлары: Анна Панащук, Михаил Мищенко

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top