USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Алматыда «Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі өтеді

  • 229
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматыда «Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі өтеді t-maj

Алматыда 24 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі» халықаралық жыршылар фестивалі өтеді.

Жыр кешінде көрермен тек қазақстандық өнерпаздардың ғана емес, алыс-жақын түркі халықтары жыршыларының да өнерін тамашалай алады. Нақтырақ айтқанда, Сыр, Орал, Маңғыстау өңірінің жыраулық өнерінің хас шеберлері, бүгінгі қазақ жыршыларының ақсақалдары Хатимолла Бердіғалиев, Бидас Рүстембеков, Өсербай Сәрсенбаев бастаған жыршы-термешілерімізбен қатар, Өзбекстан, Түрікменстан, Қарақалпақстан елдерінен келген жыршылар да өнер көрсетеді.

Сахнада Мұрат Мөңкенің «Үш қиян» дастаны, Сүгірдің толғауы, Нартайдың бастауы, Майлықожаның «Жақсы бір адам қартайса» термесі, Балтабасов Түменнің «Маңғыстау» дастаны орындалады.

Өзбекстаннан келген Шодмон Хужамбердиевтің орындауындағы «Көрұғлы» дастаны, қарақалпақстандық Бақберген Сырымбетовтің орындауындағы «Халық термесі» көрермен көңілінен шығары сөзсіз.

Түрікменстандық жыраулардың орындауындағы «Көроғлы» жыры атадан балаға мұра боп, бүгінгі заманға жетті.

Өнер кешінде жас жыршылар да халық алдына шықпақ. Нақтырақ айтқанда Уатхан Шаттық, Жұлдыз Ысқақова және Рауан Әбілбаев ұлт мұрасының тұнығынан нәр татырмақ.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top