USD 346,51

EUR 401,20

РУБ 5.48

Қарағандыда Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған шешендік байқауы өтті

Қарағандыда Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған шешендік байқауы өтті

Қарағандыда Қаз дауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған «Даналар сөзі – ақылдың көзі» атты шешендік өнер байқауы өтті.

Алғаш рет ұйымдастырылған игі шараға еліміздің әр аймағынан 15 үміткер қатысты. Бұлардың барлығы іріктеу кезеңінде үздік өнер көрсеткен жеңімпаздар. Араларында студенттер, ұстаздар, тіпті өзге саланың өкілдері де бар. «Сөз бәйгесін өткізудегі мақсат қазақтың кемеңгер биі, дала данышпаны Қазыбек Келдібекұлының шешендік мұраларын кеңінен насихаттау, ел арасынан сөз шеберлерін анықтап, оларға қолдау көрсету», дейді ұйымдастырушылар. Қызыл тілді қынынан суырып, қара сөзден қамшы өрген қыз-жігіттердің өнерін тіл майталмандары бағалады.

Серік Негимов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры: 

– Жастарымыздың, жеткіншектеріміздің осы Қаз дауысты Қазыбек бидің шығармашылығын қаншалықты дәрежеде меңгерді, Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік өнерін ары қарай қалай дамыта алды, сабақтастыра алды? Міне осы тұрғыдан келгенде бүгінгі байқаудың мәні ерекше.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде