USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Байжігіт атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің репертуары жаңа шығармалармен толықты

  • 220
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Байжігіт атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің репертуары жаңа шығармалармен толықты

Байжігіт атындағы Шығыс Қазақстан облыстық қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің репертуары биыл жаңа шығармалармен толықты.

Енді оркестр «Рухани  жаңғыру» бағдарламасы бойынша алыс ауылдар мен аудандары аралап концерттік бағдарламалар бермек. Оған оркестрде толық мүмкіндік бар. Осы жылы ұжымға дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген бірнеше әнші қабылданған. 2001 жылы облыстық филармония негізінде  құрылған оркестрде бүгінде 49 адам еңбек етеді. Көбісі музыка саласындағы жоғарғы оқу орындарын бітірген жастар.

Шалқар Рысханов, Байжігіт атындағы ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері:

- Осы маусымашар концерт жаңа бағдарламадан, әртүрлі жаңашылдықтан тұрады. Атап өтер болсақ, бұл жердегі көрермен талғамына қарай қазақ ұлттық аспаптар оркестрі қазақтың ұлттық мәдениетін ғана емес, шетел классиктерінің, қазіргі заман сазгерлерінің, әлемге аты танымал сазгерлер туындыларын орындайды.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top