USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Алматыда жас суретшілер көрмесі ашылды

  • 211
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Алматыда жас суретшілер көрмесі ашылды

Алматыда жас суретшілердің «Біздің дәуір» атты көрмесі ашылды.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған көрмеге ел аймақтарынан келген 53 суретшінің кескіндеме, графика, мүсін жанрларындағы 100-ге жуық туындысы қойылған. «Әрбір туындыдан уақыт пен әр кезеңнің бедерін анық байқауға болады», дейді бейнелеу өнерінің аға буын өкілдері. Жас суретшілер жеке тұлғалық мәнерімен, креативті идеясымен ерекше қолтаңбаларын танытқысы келген. Мұндай көрмелер бейнелеу өнерінің жаңа тынысын ашуға мүмкіндік береді. Алматыдағы орталық көрме залында ашылған сурет көрмесі желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.

Әсел Серікбайқызы, жас суретші: 

– Өзіме бір бес жылдық деген мақсат қойып отырмын. Ол жерде өзімнің отбасым, анам жайлы, өнер туындыларын жазғым келеді. Жаңағы майлы бояу болсын, гобилен болсын соның бәрін жинақтап, алдағы бес жылдың ішінде өзімнің жеке көрмемді ашсам деген үмітім бар. Соған қазір дайындық болып жүр. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top