USD 343,45

EUR 403,00

РУБ 5.52

Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбеков өмірден озды

Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбеков өмірден озды Алаш айнасы

Қазақ өнері тағы бір тарланынан айрылды.

73 жасқа қараған шағында Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Құман Тастанбеков дүние салды. Құман Нұрмағанұлы 1945 жылы 10 наурызда Алматы облысы Сарқант ауданы Екіаша ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетін бітірген актер еңбек жолын Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында бастайды.

Атақты «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген рөлімен жұлдызы жанған актер бұдан кейін де «Біздің Ғани», «Аққулар жаңғырығы», «Ағамның қалыңдығы», «Қараша қаздар қайтқанда» сияқты көптеген фильмге түскен. Құман Тастанбековтің театр сахнасындағы өнері де көрерменнің көз алдында. Театр репертуарында жүріп жатқан Шахимарденнің «Томирисінде» – Балқаш, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Омар, Сәбит Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Жақыпбек, Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Жалғасбек образдарын сомдаған актердің қазақ өнерінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі елдің есінде мәңгі сақталары сөзсіз.  

Хабар 24 әлеуметтік желілерде