USD 327.79

EUR 398.12

РУБ 5.23

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

Павлодарда патриоттық әндер фестивалі өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облыстық филиалындағы белсенді жастар патриоттық әндер фестивалінде бас қосты.

100-ден астам дарынды ұл-қыз 16-рет ұйымдастырылған дәстүрлі байқаудың лауреаты атанды.

Жастар дәстүрлі фестивальге тыңғылықты дайындалған. Өнер десе ішер асын жерге қоятын солистер кең байтақ Отынымызды ән мен жырға қосты.

Анастасия Ильченко, фестиваль қатысушысы:

- Бұл фестивальге жарты жыл дайындалдық. Жаңа костюм дайындадық. Біз Отан туралы әндер, «Туған жер» әнін дайындадық.

Осымен 16 рет ұйымдастырылған фестивальде бақтарын сынағандардың дені – өзге ұлт жастары. Жүзі басқа, тілегі бір жас буын өкілдері қазақ тілінде ән шырқады. «Өнер арқылы мемлекеттік тілді оңай меңгердік», дейді олар.

Иван Нечепуренко, «Белорус» вокалдық квартетінің мүшесі:

- Қазақ тілін білу – ортақ міндет. Қазақша ән шырқау тілді меңгеруге оң септігін тигізді.  

Михаил Кобец, «Эльбрус» этномәдени бірлестігінің хореографы:

- 2008 жылдан бастап мен би мұғалімі болып жұмыс істеп жатырмын. Өз білімімізді жастарға береміз.

Өңірдегі «Достық» үйінің жанында 25 этномәдени бірлестік бар. Ал жаңғыру мектебінің жанында 20-ға жуық тіл бөлімі бар. Өзге ұлт өкілдері үшін ана тілдерін оқып-тоқуға қолайлы жағдайлар жасалған. Шығармашылықпен айналысуға да жол ашық.

Элина Паули, ҚХА облыстық филиалының жастар үйлестіру кеңесінің төрайымы:

- Жобаларымыз көп. Әлі мақсаттарымыз бар. Осы мақсаттарымызды орындап, әрине, өзіміздің бірлігімізді, татулығымызды нығайтқымыз келеді. Қазақ тілін біріктіру факторы деп айтуға болады. 

Патриоттық әндер фестиваліне қатысуға ниет еткендердің қатары жыл сайын артып келеді. Тәуелсіздік мерекесі аясында өткен шараға келген көрермен жастардың өнеріне тәнті болды. Қазылар алқасының мүшелері де жоғары бағасын берді.  

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Алексей Омельницкий

Хабар 24 әлеуметтік желілерде