Ұлттық кітапханада Астананың 20 жылдығына арналған көрме ашылды
- 1265
- Бейне

«Тарих таңдаған Астана» деген атаумен Ұлттық академиялық кітапханада көрме ашылды.
Бұл – елорданың 20 жылдығына арналған шара. Кітапхана қорында Астана жайлы мыңнан аса еңбек бар. Соның жүзі осы кітап көрмесіне қойылған. Енді кез келген оқырман желтоқсанның 10-ы күні тұсауы кесілген «Астана» оқу залына келіп, елорда тарихымен етене таныса алады. Көрменің ұлттық кітапхана қабырғасында өтуі де бекер емес. Бұл мекеме елорда тынысымен қоса қаладағы мәдени-ағарту шараларын ұдайы насихаттап келеді.
Алдан Смайыл, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, жазушы:
– Егер біз тәуелсіздікті тұғырлы еттік, Қазақстанды осыншама гүлдендірдік, экономикамызды дамыттық, рухани өркендедік, әлемге танылдық дейтін болсақ, соның барлығының негізі – Астананың ауысуы. Егер Астана ауыспай, Алматыда жата берген кезде біз көп дүниені дер кезінде шеше алмайтын едік. Және мен өз басым және бүкіл халық осы шешімді тарихи шешім деп есептейміз және оны бағалауымыз керек.
Осы тақырып бойынша
- Көші-қон заңнамасын бұзған 13,5 мыңнан астам шетел азаматы елден шығарылды
- Арнайы мониторинг тобы Атырау облысындағы ауыл халқымен жүздеседі
- Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық етуі нәтижелі болды
- Еліміздің мамандары цифрлық картография жөнінен тәжірибе алмасып жатыр
- Жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кететіндер қатары көбейіп барады