USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Қарағандыда суретші Ерлан Гаймолдиннің жеке көрмесі өтті

Қарағандыда суретші Ерлан Гаймолдиннің жеке көрмесі өтті

Қылқалам шебері өзінің туындыларын жұмбақ суреттерге жатқызады.

«Өйткені әр шығарманың бірнеше мағынасы бар», – дейді. Суретші бұл көрмеге тарихи тақырыпта салынған 30 туындысын ұсынды. Ерлан Гаймолдинның шығармалары көбінесе қазақ халқының дастаны мен сақ және түркі мифологиясын бейнелейді. Ол өз еңбектерін модернизм стилінде жазады. Бейнелеу өнеріндегі бұл стиль қайталанбас туындыларды дүниеге әкеледі деген шебер көптеген жаңа еңбегін киелі жерлерге сапар шегіп келгеннен кейін шалқар шабытпен салатынын айтады.

Ерлан Гаймолдин, cуретші:

- Мәшһүр Жүсіптің бейітіне барып келгеннен кейін менің стилім де, бояуларым да өзгерді. Түркі халықтарының тарихы мені әрқашан да қызықтырады. Сондықтан мен салған суреттердің көбі осы тақырыпқа арналған.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде