13 жасар бүркітші «Қыран-2018» турнирінің жеңімпазы атанды - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

13 жасар бүркітші «Қыран-2018» турнирінің жеңімпазы атанды

  • 455
13 жасар бүркітші «Қыран-2018» турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін Алматы қаласының ипподромында ұлттық спорт түрінен «Қыран-2018» атты құсбегілердің республикалық турнирі аяқталды.

Бұл туралы ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлады.

«Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен бұл жарысқа Қазақстанның 10 аймағынан келген 60-қа жуық саятшылар үш күн бойы өзара мықтыны анықтады. Олар бірінші іріктеу кезеңінде көрермендерге құсты ат үстінен қолға қондыру, шырға тарту сияқты өнерлерін көрестті. Ал келесі кезеңге өткен бүркіттер қоян мен түлкіге шапса, қаршыға мен ителгілер қолға шақырылып, көгершін аулады. 

Бұл керемет көріністің куәгері боламын деп келгендердің қарасы мол болды. Жарыс қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған 13 жасар бүркітші Бексұлтан Сейтжан бірінші орын алып, 200 мың теңгеге ие болды, ал екінші болып алматылық Ғабит Таңат (150 мың теңге) тұрақталса, үшінші орынға Мұратхан Даулетхан (100 мың теңге) ие болды. 4, 5, 6-орындарды өзара Арманбек Күнтуған, Бақдаулет Бабажан, Алмас Сейтжан бөлісіп, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде