«Фархад-Шырын» дастаны қазақ тіліне аударылады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

«Фархад-Шырын» дастаны қазақ тіліне аударылады

«Фархад-Шырын» дастаны қазақ тіліне аударылады

Өзбекстанның жоғары оқу орындарында Науаитану пәні оқытыла бастады.

Ұлы тұлғаның 2 томдық энциклопедиясы да жарық көрген. Бұл туралы Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінде ақынның 577 жылдығына орай ұйымдастырылған конференцияда айтылды. Ғалымдар: «Әлішер Науаи аса бай түркі ауыз әдебиетін жақсы білген», – дейді. Өзгелерден айырмашылығы да сол. Шығыстың шайыры туындыларын көне өзбек және түркі тілдерінде жазған. Әсіресе әйгілі бес дастаны мен лирикалық өлеңдері және қайталанбас поэмасы ақынды әлемге танытты. Абайдың өзі Науаиды 13 жасында жырлаған. «Ақын туындыларынан Орта Азияның ғана емес, күллі шығыс халқы мен түркі жұртының болмысын аңғаруға болады», – дейді жазушылар. Әлішер Науаидың бірқатар шығармалары қазақ тіліне аударылған. Ғалымдар енді «Фархад шырын» дастанының әлі еш жерде жарияланбаған діни бағыттағы бөлігін қазақ тіліне аударуды көздеп отыр.

Ергеш Абдувалитов, Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі: 

- Бүгінгі күнде қолға алып жатырмыз, «Фархад шырын» дастаны 1948 жылы қазақ тіліне аударылған екен. Бірақ Әлішер Науаи атындағы қолжазбалар институтында М.Әуезовтің алғысөзімен жазылған бұл «Фархад шырын» дастаны кезінде пайғамбарларды мадақтау, құдайға сыйыну мәселесі бойынша қалдырылып келген екен. Соны біз қазір қолға алып, үш тілде жарыққа шығармақшымыз. Яғни өзінің түпнұсқасы – қазақ тіліндегісі және бұрынғы ескі жазу үлгісіндегі Әлішер Науаи қалдырған дастанды.

Дилнавоз Юсупова, Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінің оқытушысы:

- Қазақтардың ұлы ақыны Абайды кеңінен насихаттау мақсатында арнайы пән оқытылады екен. Біз соны негізге ала отырып осы жылдан бастап өзіміздің Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университетінде ақынның шығармаларымен жақынырақ таныстыратын арнайы пән сабағын аштық. Соған байланысты арнайы оқулық та шығардық.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде