USD 340.27

EUR 396.40

РУБ 5.34

«Бала дауысы» байқауының жаңа маусымы ашылды

  • 128
«Бала дауысы» байқауының жаңа маусымы ашылды

Бүгін Астанада «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының үшінші маусымы ашылды.

Онда былтырғы жылдың жеңімпаздарымен қатар Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген бүлдіршіндер өнер көрсетті. Ал байқаудың гала-концерті желтоқсан айында ұйымдастырылады. Айта кетейік, ән додасында 8 бен 12 жас аралығындағы балалар бақ сынайды. Жеңімпаздар Франциядағы «Диснейлендке» саяхатқа жолдама алып, еліміздегі музыкалық білім ордасының бірінде тегін оқу грантын ұтып алады. Игі шараға Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры мұрындық болып отыр.

Толғанай Хасен, «Бала дауысы» ұлттық ән байқауының ұйымдастырушысы:

- Осы жылғы байқауымыздың ерекшелігі, бізде 19 финалист іріктелініп алынды, олар күз айында Алматы қаласына келіп жұлдызды үйде дайындалады. Өздерінің актерлік шеберліктерін, вокал сабақтарынан, хореография бойынша сабақ алады. Және желтоқсан айында осы Астана қаласында өздерінің финалдық концертін береді. Біздің билеттер тегін таратылады. Барлық келемін деушілерге есігіміз айқара ашық.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде