352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы көрмеге Диордың музасы болған қазақ қызының картинасы қойылды

  • 196

«Диор музасының портреті».

Алматыдағы Қастеев атындағы өнер мұражайында бір картинадан тұратын көрме ашылды. Портрет – суретші Леон Цейтлиннің еңбегі.  50-жылдары ол Кристиан Диордың сүйікті моделі, қазақтан шыққан Алла Ильчунді бейнелеген. Оның әкесі Жуанхал Ильчун Алматыдан шыққан. Түрксіб құрылысына қатысқан ол Ресей империясы ықпалындағы Қытайдың Харбин қаласына іссапарға аттанады. Сол жерде орыстың опера әншісі Татьянаға үйленеді. Көп ұзамай отбасында дүниеге қыз бала келеді. Алайда 1917 жылғы революциядан кейін бұл отбасы Парижге жер аударылады. Бойжеткен француз мейрамханасында ыдыс жуып, тиын-тебен тауып жүреді. Бірде оны құрбысы Диордың сән үйінде киім үлгісін өлшеу үшін орнына баруды өтінеді. Атақты кутюрьеге Алла бірден ұнап, топ-модель ғана емес, оның музасына айналады. Қазақтың сұлуы француздың кино және эстрада жұлдыздарына сән үлгілерін көрсетеді. Оның киіп шыққан көйлектері ертеңінде-ақ жұлдыздарға жетеді екен. Сонымен қатар Алла көздің жоғары жағын сызықпен бояуды әдемілік әлеміне алғаш алып келді.  «Диор музасының портретін» қазақстандықтарға жеке коллекция жинаушы Берлин Иришев ұсынды.

Берлин Иришев, экономист-ғалым:

- Әдетте сән әлемінде сұлулар 2-3 жыл жүріп, одан кейін орындарын келесілерге босатады. Ал Алла 20 жыл осы салада жүрді. Әрине, мұның себебі көп, біріншіден, қыпша белі. 47 сантиметр. 20 жылдан соң белі тек екі сантиметрге өзгерген. Ол осындай бірегей сымбатты тұлға болған. Мен жақында ғана осы портретті сатып алып, отандастарына Алланың қандай болғанын көрсеткім келді.

Хабар 24 телеарнасы