352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

C.Тұрысбеков: Домбырамыздың үні әлемді шарласа екен

  • 236

Елімізде бұрың-соңды болмаған ұлттық домбыра күнінде қазақ елі монументінің алаңында халықтық серуен өтеді.

1 шілдеде өтетін бұл шара барысында киіз үйлер тігіліп, Құрманғазы, Д. Нұрпейісова, Ахмет Жұбанов сынды ұлттық өнер майталмандарына арналған көрме ұйымдастырылады. Келушілердің домбыра жасау бойынша шеберлік дәрісіне қатысуға мүмкіндігі бар. Мыңдаған домбырашы өнер көрсететін концертті де тамашалай аласыздар. Атақты күйшілер мен түрлі шығармашылық  ұжымдар көпшлікті тәнті етпек. Тіпті ниет білдіргендер сахнада өнер көрсете алады. Ол үшін Асыл домбыра.kz  сайтында тіркеуден өтіп, бірқатар күйлерді жатқа білу керек. Қазір порталда 1300-ден аса  адам өтініш қалдырған.

Бекболат Тілеуханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Домбыраны қанына сіңіріп өскен баланың өз ана тілін меңгеру оңайырақ. Ұлттық код деп көп айтамыз. Осы гинетикалық жадыңыз, иірімінің бәрі домбырада. Тәуелсіздік алғаннан бері көк туымыз, Елтаңбамыз бар. Бұл домбыра күнінің белгіленуі біздің бір ұлттық символымыз. Негізі нағыз рухани жаңғыру деген домбыраға көрсетіп отырған құрмет.

Секен Тұрысбеков, ҚР Еңбек сіңріген артисі, күйші-композитор:

- Күй ол тек қана қазаққа тән қасиет, ешбір елде жоқ. Сондықтан осы қуанышымызды Құдай көп көрмесін. Алдымызда үлкен той. Осы домбырамыздың үні әлемді шарлап кетсе екен деген арман, қиял. Сол орындалса екен.

Хабар 24 телеарнасы