369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ОҚО-дағы «Түркібас әулие» кесенесінің аумағы жөнделуде

  • 430
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ОҚО-дағы «Түркібас әулие» кесенесінің аумағы жөнделуде

Оңтүсік Қазақстандағы Түлкібас ауданына қарасты Азаттық ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Түркібас әулие» кесенесінің аумағын абаттандыру жоспарланып отыр.

Бұл қасиетті нысанның салынғанына ондаған ғасыр болған. Қазір мұнда жаңадан қоршаулар тұрғызылып, жарық тартылып, құрбандық шалуға арнайы орын мен асхана салынып жатыр. Тас қақпаның орнына мәрмәрдан қақпа жасалуда. Жұмысшылар жолға тас төсеуіштер салып, көліктерге арналған тұрақ дайындауда. Кесенені қайта жөндеуден өткізуге 41 миллион теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар ауданға кіреберіс жерде, Кершатас ауылында биіктігі сегіз метрлік «Рухани жаңғыру» стеласы бой көтерді.

Есімбек Сәрсенбеков, «Түркібас әулие» кесенесінің шырақшысы:

– Бұл әулиенің тарихы үлкен. Оқушы балалар көп келеді, тарихын сұрап жатады.

Хабар 24 телеарнасы