359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада бүкіләлемдік театр фестивалі басталды

  • 410

Елордада екінші бүкіләлемдік «Астана» театр фестивалі ашылды.

Алдымен өнер ұжымдарының өкілдері қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Одан кейін концерттік бағдарлама барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысушыларға жемісті еңбек пен шығармашылық серпіліс тіледі. Екі аптаға жалғасатын шараға 13 елдің театр ұжымы келді. Олардың қатарында Италия, Мәскеу, Жапония, Грузия және Литва өнерпаздары бар. Фестиваль шымылдығын Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры «Абай» спектаклімен ашты. Сондай-ақ көрермендер «Астана мюзикл» мемлекеттік театры мен италиялық «Piccolo Teatro di Milano» әртістерінің өнерін тамашалады. Жалпы шара барысында 18 қойылым көрсетіледі.

Асхат Маемиров, Қазақстан театрлары қауымдастығы президентінің орынбасары:

– Астана тек қана мәдени кеңістікте музыка, опера, балет саласында ғана емес, сонымен бірге театр саласындағы үлкен алаңға айналуда. Сондықтан фестиваль өзінің алға қойған мақсатына міндетті түрде жетеді. Қазірдің өзінде қонақтарымыздың барлығы келді.

Хабар 24 телеарнасы