352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Каспий маңы елдерінің театрлар фестиваліне 9 ұжым қатысады

  • 213
Каспий маңы елдерінің театрлар фестиваліне 9 ұжым қатысады

Алдағы қыркүйек айында Ақтауда Каспий маңы елдерінің халықаралық театрлар фестивалі өтеді.

Шараға Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан мен Түрікменстаннан 9 театр ұжымы қатысады деп күтілуде. Ақмаржан қала Ақтау 300-ге жуық қонақты қарсы алады. Бес ел актерларының басын қосатын шара Халық әртісі Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналмақ. Ұлы актердің есімін иеленген облыстық музыкалық драма театрының ұжымы халықаралық шараға қызу дайындалуда. Театр алдына Нұрмұхан Жантөринге үлкен ескерткіш орнатылмақ.

Нұрнияз Мұханов, Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрының директоры:

- Бұрын Нұрмұхан ағаның шағын мүсіні тұрған. Бұдан 10 жыл бұрын қойылған, Нұрмұхан Жантөриннің 80 жылдығына байланысты. Енді облыс әкімі Ералы Тоғжанов мырзаның бастамасымен осы ескерткіш орнатылмақшы. Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Авторы – өзіміздің жергілікті жердің мүсіншісі Көшер Байғазиев.

Хабар 24 телеарнасы