369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Йоркте Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының көрмесі ашылды

  • 249

Елордамыз Астананың 20 жылдығына орай Нью-Йоркте Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайының көрмесі ашылды.

Енді американдық тұрғындар шілде айының он бесінші жұлдызына дейін қазақ елінің тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрімен таныса алады. Себебі көрмеге қойылған әр туынды еліміздің мәдени мұрасын бейнелеп, қазақ халқының тұрмысынан сыр шертеді. Экспозицияны ұлттық суретшілеріміздің бірі Әбілхан Қастеевтің «Бүркітші», «Колхоздағы сүт ферма», «Жамбылдың портреті» сынды туындылары ашады. Сондай-ақ Николай Хлудовтың «Өгізге мінген бала», Ольга Кужеленконың «Қазақ КСР халық әртісі Роза Бағланованың портреті», Мария Лизогубтың «Халық шебері» шығармалары қойылған. Бұл туындылар – бұрынғы Кеңес Одағының түрлі аймағынан келген суретшілердің қазақ кескіндеме дамуына қосқан зор үлесінің куәсі.

Клара Исабаева, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының баспасөз қызметі жетекшісі:

– Біз мұражайдағы ең үздік 30 хас шебердің туындыларын қойдық. Олардың қатарында Әбілхан Қастеев, Молдахмет Кенбаев, Гүлфайрус Исмаилова, Ольга Кужеленко, Айша Ғалымбетова, және 60 жылдардағы Салихитдин Айтбаев, Шаймардан Сариев, Абдрашит Сыдыханов және тағы басқалары бар. Яғни көрмеге 30-70 жылдар аралығындағы қазақ кескіндеме мектебінің үздік шығармалары қойылды.

Михаэль Миллер, Нью-Йорк еврей қауымдастығы кеңесінің вице-президенті:

– Дәл осындай көрмелер Қазақстан мен АҚШ арасында достық көпірін құрайды. Бүгін көріп тұрған қазақ елінің тамаша туындылары бізді жақындастыра түсері сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы