352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл соңына дейін қазақ тілінде бірқатар анимациялық фильм жарыққа шығады

  • 434

Елорданың 20 жылдық мерейтойы шеңберінде 100-ден аса  халықаралық іс-шара өтеді.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  халықпен есепті кездесуінде осылай деді. Мәселен, «Қалалар шеруі» жобасы аясында  Париж, Лондон, Берлин, Сингапур сынды  әлемнің  ең көрікті 20 шаһарынан келген  өнер ұжымдары өздерінің  экспозицияларын таныстырса, 3 күннен кейін   халықаралық балет фестивалі  өз шымылдығын ашады. Оған Испания, Германия, Португалия мен Қытай және Ресей сынды мемлекеттерден келген  танымал балет ұжымдары қатысады. Ал 25 шілдеден бастап, 2 ай аралығында Пабло Пикассо еңбектерінің  көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ Еуразия халықаралық кинофестивалі да өз жұмысын бастайды. Бұл ретте министр жыл соңына дейін «Балуан Шолақ», «Әруақ» фильмдері мен «Күлтегін» және  «Мұзбалақ» анимациялық туындылары жарыққа шығатынын айтты.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Бұрын біздің ұлттық фильмдер таңғы 7-де, 10-да қояды. Сонымен былайша айтқанда заңды орындап жатырмыз, бірақ көрермендерімізге толығымен жетпейді. Қазір көрерменнің өзі біздің ұлттық фильмдерге осы биік дәрежедегі фильмдерге барлығы қуанып бара жатыр. Біз «Қазақфильм» және басқалар да өз қаражатына керемет фильмдерді түсіріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы