352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мыңдаған күйші бір мезетте танымал күйлерді орындайды

  • 236
Астанада мыңдаған күйші бір мезетте танымал күйлерді орындайды

Ұлттық домбыра күнінде Астанаға еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық күйші келеді.

Олардың арасында есімі ел ішінде кеңінен танымал өнерпаздармен қатар жоғары оқу орындарының студенттері де бар. «Домбыра – асыл мұра» мерекелік шарасы аясында мыңдаған күйші бір мезетте «Балбырауын», «Адай», «Көңілашар», «Ерке сылқым» және басқа да күйлерді орындайды.

Естеріңізе сала кетейік, 1 шілде Мемлекет басшысының жарлығымен ұлттық домбыра күні болып бекітілген.  

Нұрқиса Дәуішев, Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің директоры:

- Бұл шараға қатыстан өнерпаздар кәсіби мамандар. Еліміздің барша облыстарынан қатысады. Мәдениет және спорт министрлігіне қатысты ұжымдардан, олар – Құрманғазы оркестрі, Отырар сазы оркестрі,  Ұлттық консерватория, Өнер университеті. Осы сияқты барша облыстардан кәсіби деңгейдегі мамандар қатысады.

Хабар 24 телеарнасы