363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абайдың домбырасы қайта жаңғыртылды

  • 167

Семейде қалың көпшілікке Абайдың қайта жаңғыртудан өткен домбырасы көрсетілді.

Бұған дейін Жидебайдағы мұражай үйде сақталған көне аспап ұлттық мереке қарсаңында арнайы көрмеге қойылып отыр. Тарихи деректерге сүйенсек, ақын бұл құнды жәдігерді 1883 жылы Семейде ашылған өлкетану музейіне өзінің досы Нифонт Долгополов арқылы тапсырған. Жалпы музейде 30-ға жуық домбыраның түрі сақталған. Олардың көбі – ойшыл ақынның шәкірттері мен Абай әндерін орындаушыларға тиесілі дүниелер.

Мейрамгүл Қайрамбаева, Абай музейі директорының орынбасары:

– Бұл домбыра 1964 жылы басқа да заттармен бірге өлкетану музейінен біздің музей қорына беріліп, 70 жылдардың басынан бастап Жидебайдағы Абайдың мұражай үйінде орналасқан болатын. Бұл домбыраны қандай шебер жасаған не болмаса оны Абай қанша уақыт қолданғаны жөнінде деректер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы