359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украиндық суретші Н.Назарбаевтың портретін бейнеледі

  • 199

Украиндық суретші Наталья Мкртчянның жеке көрмесінде алғаш рет Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың портреті қойылды.

Бұл туынды Астананың 20 жылдығына арнайы салынған. Наталья бүгінде қырықтан астам картинаның авторы. Және шығармаларының басым бөлігі шынайы, жанрлық картиналар мен портреттен тұрады. Шығармашыл тұлға өз жұмыстарында май және акрилді қолданады. Ал суретті табиғи зығыр материалына салады. Суретші Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың портретін салуды бұрыннан жоспарлап жүрген. Назарбаевтың сипаттамасын толыққанды жеткізу үшін қазақ елінің көшбасшысы жайлы көптеген материалдарды іздеп, зерделеген екен.      

Наталья Мкртчян, суретші, Н.Назарбаев портретінің авторы:

- Картинаны бір ай ішінде салып шықтым. Туындым Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған күні мен Астана қаласының 20 жылдығына арналады. Украиндық ретінде екі ел арасындағы қатынасты нығайту үшін өз үлесімді қосқым келді. Болашақта Қазақстан жайлы бірнене шығарманы салу ойымда бар. Және оны міндетті түрде көрмеге қоятын боламын. Осы орайды өзара ынтымақтастығымыз арта берсін дегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы