352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада «Шашу» би фестивалі шымылдығын түрді

  • 197
Елордада «Шашу» би фестивалі шымылдығын түрді

Елордада «Шашу» халықаралық би фестивалі ашылды. Дәстүрлі шара бас шаһарымыздың 20 жылдығына арналып отыр.

Әр халықтың ұлттық биін дәріптейтін концерт 3 күнге жалғаспақ. «Назерке», «Томирис», «Алтынай», «Нұр» сияқты отандық кәсіби ұжымдармен қатар шет елдерден келген ансамбльдер өз өнерін паш етеді. Алтай өңірінен келген «Огоньки», Башқұртстанның «Стерлитамак мемлекеттік халық би ансамблі», Түркия мен Хакасияның шығармашылық топтары және Шығыс Еуропадан келген жеке орындаушылар өзара сынға түспек.

Шкельким Байрами, байқауға қатысушы /Македония/:

- Мен Македония елінен келсем де осы фестивальде Албания ұлттық биін ұсынамын. Шашу Фестке және жалпы Астана қаласына бұл менің алғаш келуім. Жаңа ғана сахнаға шыққан қазақ бишілерін көріп таңданысымды жасыра алмай тұрмын. Көрермендерге менің де өнерім ұнайды деген сенімдемін. 

Нұрбол Балапанов, ұйымдастырушы:

- Былтыр бізге 90 адам қатысқан болатын, осы жылы бірден күрт өсіп, қызығушылық танытып, осы фестивальге көптеген адам өзіңіз көріп отырғандай көрсеткіш 158 адам қатысып отыр.

Хабар 24 телеарнасы