352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің жас режиссерлері Павлодарға жиналады

  • 127

Әлемнің жас режиссерлері қазақ киносының майталманы, КСРО-ның халық әртісі Шәкен Аймановтың кіндік қаны тамған жер – Ертіс өңірінде бас қосады.

Жайдан-жай емес. Олай дейтініміз, шілде айының басында Павлодардың төрінде «Ертіс cinema» атты алғашқы халықаралық кинофестиваль өтеді. Қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы мәдени шараға дайындық қызу.

Тәжірибелі мүсінші Мирхат Сүйіндіков үшін халықаралық кинофестивальдің нақышы шағын мүсінді жасау – жауапты іс. Сондықтан өнер иесін осы шеберханадан табуға болады. Бұл металл құюға дейінгі үрдіс деп аталады. Металл демекші, мүсіншелер Ертіс өңірінің брендіне айналған алюминийден құйылады.

Мирхат Сүйіндіков, мүсінші:

- Қазір қалыпты салып, кейін барлық технологияны ескере отыра, ескере отыра жасау керек. Әйтпесе металл құйылмау қалуы мүмкін. Бүкіл Қазақстанда не бар десе, алюминий Павлодарда бар деген. Алюминийді қолға ұстап кеткен адам оны ешқашан ұмытпайды.

Әлемнің жас режиссерлері бас қосатын шараға санаулы күн қалды. Бүгінге дейін шараның шарты бойынша ұзақтығы 30 минуттан аспайтын деректі және ойын кинолары іріктелді. Фестивальдік кинолардың каталогы беттеліп, басылып шығарылады.

Людмина Баюшева, кинотанушы:

- Фестивальге қатысуғы ниет білдірген жас режиссерлердің еңбектері тәнті етті. Талантты жастар қоғмдағы әлеуметтік мәселелерге бейжай қарай алмайтындарын дәлелдеді. Кинорежиссерлер өзекті мәселелерді көтеріп, алаңдаушылықтарын туындылары арқылы жеткізді.

Қинофестивальдің басты мақсаты – жас өнерпаздарды қолдау, отандық киносаласын дамыту. Шараны ұйымдастыруға жергілікті кинотеатрлар да сақадай сай.

Павлодардың төрінде ұйымдастырылатын бірінші «Ертіс cinema» халықаралық кинофестиваліне 20 елден 200-ден астам туынды қабылданды. Олардың ең үздіктері, яғни 70-тен астам фильм жергілікті кинотеатрларда көрсетілетін болады. Айта кетейік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ауқымды шараның салтанатты ашылуы дәл осы жерде, Ертіс өзенінің жағасында өтетін болады.

Авторлары: Ақмарал Есімханова және Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы