369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бакудегі музейден ата-бабамыз ойнаған аспаптардың түпнұсқасын көруге болады

  • 126

Бүгінде түркі халқының ежелгі музыкалық аспаптарын тек мұражайдан көруге болады.

Олардың басым бөлігі қолданыстан шығып, халық жадынан ұмыт болған. Ал Бакудегі Музыкалық мәдениет мұражайында ата-бабаларымыз ойнаған көптеген аспаптардың түпнұсқасын көруге болады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         Түркітілдес халықтардың замануи музыкалық аспаптары бұрынырақ мүлдем басқаша болған. Көлемі, тіпті дыбысы өзге еді. Музыкалық мәдениет мұражайында ата-бабамыз ойнаған түрлі аспаптардың түпнұсқаларын көзбен көруге болады. Сондай-ақ заманауи үлгілердің озық түрлері де музей төрінен орын тапқан.  

Алла Байрамова, музыкалық мәдениет мұражайының директоры:

- Бізде Орта Азияның аспаптары бар. Оның бірі домбыра. Ішекті аспаптың тарихы тереңде екенін жақсы білеміз. Тіпті тасқа қашалған суреттерде домбыраға ұқсас құрал бейнеленгенін көруге болады. 

Музыкалық аспаптар - кез-келген ел мәдениетінің бір бөлігі. Сол себепті ұлттық мұраны сақтап қалу маңызды рөл ойнайды. Әзербайжанда көптеген ежелгі түркі  халқының құралдары қайта жасалған. Тіпті көнерген музыкалық аспаптар ансамбльі де бар.

Фаттах Халыгзаде, профессор, музыкатанушы:

- Әр елдің өзгешелігіне қарамастан әзербайжан мен қазақ музыкасына ортақ дүние бар. Әсіресе ішекті аспаптары ұқсас келеді. Домбыраны тартқанда таныс күй естілгендей болады. Әсіресі фольклоры туындыларда бұл ұқсастықты бірден байқайсың. 

Аббасгулу Наджафзаде, өнертану докторы, профессор:

- Қорқыт ата эпосы - ежелгі түркі халықтары мәдениетінің маңызды дереккөзі. Дастанда ішекті аспаптардың ортақ атауы Гопуз жайлы жазылған. Ондағы голча-гопузды ішекті музыкалық құралдарға жататындығы айтылған. Домбыра да солардың қатарында.

Түркі мәдениетінің тамыры бір. Кейбір ғалымдардың пікірінше, барлық ішекті аспаптар бастауын Гопуздан алады. Қазақ мәдениетінде ең танымал ішекті домбыра болса, әзербайжандарда саз болып табылады. Зерттеушілер бұл құралдардың ежелгі тарихы бар екеніне сенімді. Ал табылған археологиялық қазбалардың уақыты соған дәлел. 

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы