352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Франциядағы Қазақстан елшілігі Ұлттық домбыра күнін атап өтті

  • 434

Салтанатты шараға қазақ диспорасының өкілдері, «Қорқыт» қазақ мәдени орталығының шәкірттері мен ұстаздары, француз азаматтары асырап алған қазақ балалары мен дипломаттар қатысты.

Басқосуда домбыра, қобызжетіген және басқа да ұлттық асаптарда танымал композиторлардың күйлері мен әндері орындалып, шырқалды. Франциядағы Қазақстан елшісі Жан Галиев жиналғандарды құттықтап, президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл мерекені Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен ерекшелігін сақтап, нығайту үшін құрғанын атап өтті. Ол сондай-ақ дәстүрлі қазақ күйінің 2014 ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілгенін жеткізді. Осыдан кейін Елші «Қорқыт» орталығының қазақ мәдениетін насихаттаудағы қызметі үшін алғысын білдірді. Ал шараға қатысушылар асыл аспабымыздың қазақ халқының мәдени мұрасының басты бөлігінің бірі екенін және жаңа мереке ұлттың ұйысуына негіз болатыны атап өтті.

Аулбек Үзділ, Париждегі қазақ диаспорасының мүшесі:

- Бүгін керемет жақсы бір күн өтті. Қаншама шетелдерде жүріп, ұзақта жүрсек та міне Еуропаның орталығында Қазақстан Республикасының Елшілігінде осындай домбыра күнін өткізіп жатырмыз. Бұдан артық керемет, бұдан артық жақсылық бола ма біздерге! Еліміздің әрдайым алға басып, ілгері басып, тыңыштығы болсын! Әлемдегі ілгері деген елдердің ішінде болсын! Қазағым әрдайым аман болсын!

Мельвин Клеро, француз әншісі:

- «Қорқыт» орталығының арқасында Қазақстан туралы танып біліп, бүгін осындай шараға қатысып тұрғаныма қуаныштымын. Және «Дударай» әнін орындағаныма дән ризамын. Сіздердің ұлттық ән-күйлеріңіздің әуені керемет. Олар далада ескен самал желді еске түсіреді. Бұған дейін «Гүл Алматым» әнін жаттап Қазақстанда орындаған едім. Бұл әнді жаным сүйеді. Алда басқа да әндерді үйреніп алатын шығармын деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы