356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы Қазақ елі монуметінде халық серуені өтіп жатыр

  • 172

Елордадағы Қазақ елі монументінің алаңында халықтық серуен өтіп жатыр.

Еліміз тұңғыш рет ұлттық домбыра күнін тойлауда. Нендей шаралар жоспарланған, қанша күйші қатысады?

Нұрлан Бекенов, ҚР Мәдениет қайраткері:

- Алдымен барша қазақ елін Ұлттық домбыра күнімен құттықтаймын. Тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл мерекеде ұлттық аспабымыз кеңінен насихаттала түспек. Енді Жанар сіздің сұрағыңызға ойыссақ ия шынымен де бүгін ерекше шара. Байқап тұрсаңыздар қазақ елі монументі алаңына киіз үйлер тігіліп, Құрманғазы, Д. Нұрпейісова, Ахмет Жұбанов сынды ұлттық өнер майталмандарына арналған көрме ұйымдастырылған. Онда келушілер өнерімен өлмейтұғын артына із қалдырған тұлғалардың өмірбаяны жайында кеңінен мағлұматтар ала алады. Әрі Құрманғазының домбырасын өз көзімен көруіне мүмкіндік бар. Ал бүгінгі салтанатты шараның басты ерекшелігі 2 мыңнан астам өнерпаз бір мезетте сахнада танымал күйлерді орындайтын болады. Шараға Елбасы қатысады деп жоспарланып отыр. Айтпақшы, тікелей Елбасының жарлығымен ұлттық домбыра күні бекітілді. 

Сахнада өнер көрсететін мыңға жуық өнерпаз қалай таңдалынып алынды? 

- Домбыраның құлағында ойнамаса да күй тарта білетін кез-келген тұрғын бүгін сахнада өнер көрсете алады. Тек ол үшін бірқатар күйлерді жатқа білу керек.

Хабар 24 телеарнасы