352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрманғазы мен Дина шыққан өңірде Ұлттық домбыра күні атап өтілді

  • 176

Домбыра күнін оралдықтар да атап өтуде. Қазаққа Құрманғазы мен Дина, Дәулеткерей, Сейтек, Мәмен, Оқап пен Қали Жантілеуовтей дарабоздарды сыйлаған қасиетті өңірде күй күмбірінің ерекше естілуі заңды.

Оралдықтар ұлттық аспабымызды ұлықтауға арналған шараны қалай атап өтіп жатыр?

Ақжайық жұрты домбыра күні өз алдына мереке ретінде аталып өтуін қалай қабылдап жатыр?

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Асыл мұрамызды ардақтаудан ақжайық жұрты да аянып қалған жоқ. Оралдағы мерекелік шаралар Құрманғазы мен Динаның рухына тағзым етуден басталды. Шараға жиылған жұртшылық ескерткішке гүл шоқтарын қойып, балалар саз мектебінің шәкірттері күй орындады.

- Ақжайық жұрты домбыра күні өз алдына мереке ретінде аталып өтуін қалай қабылдап жатыр?

Талғат Серікқалиұлы, тілші:

- Домбыра дегенде делебесі қозбайтын қазақ жоқ шығар. Ұлттық аспабымыз ұлықталар айтулы күннің болғанына жерлестеріміз де ерекше қуанышты. Бұл күні алаңда кітап, музей көрмелері ұйымдастырылды. Көпшілік фольклорлық ансамбльдер шеруі мен жас домбырашылар өнерін тамашалады. 

Едіге Нәбиев, күйші, домбыра жасаушы шебер:

- Бұл мереке қазақтың мерекесі баяғыда болуы керек еді.

Қуаныштымын, осындай күннің болғанына. Бүкіл қазақтың тарихын осы домбыра, ән мен күйлер жазып шықты біздің қолжазба жазуымыз болмағанымен. Сондықтан осындай қасиетті домбыра күнінің болғанына қуаныштымын.

Нұржан Серпеков, күйші:

- Домбыра аспабы қазір тек қазақстанда ғана емес, қазақтың жерінде емес, әлемдік деңгейде ұлықталып келе жатыр. Оған баршасы да теледидардан көріп отыр, тек қана қазақтың ұл-қызы емес, өзге ұлт өкілдері де домбыраға қызығушылық танытып үйреніп жатыр. 

Ақын Қадыр Мырза Әли кезінде «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!» деп, бекер жырламаса керек. Бұған дәлел, бүгінгідей күй күмбірімен дүние есігін ашқан нәрестелердің барлығына өңір билігі домбыра тарту етті. Ақжайық аспанын күй тербеген көңілді мереке міне осындай іс-шаралармен айшықталды.

Хабар 24 телеарнасы