352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің өнер жұлдыздары семейліктерге дәстүрлі ән мен күйден тарту жасады

  • 170

Өскемендіктер де бабадан қалған асыл мұра Ұлттық домбыра күнін айрықша атап өтті.

Бүгін шығыстағы бұл шаһарды да күмбірлеген күй тербеді.

Көмейінен күй, ішегінен сыр төгілген абыз да аңыз аспабымыз ұлықталған тұңғыш мереке құтты болсын! Шынымен де бүгін өскемендіктер өздері сағына күтіп жүрген танымал жезтаңдай әншілер мен шебер күйшілердің өнеріне тағы да тәнті болды.

Республика алаңында Рамазан Стамғазиев, Жарқын Шәкәрім, Айбек Бекбосынов сынды дүлдүл өнерпаздар сахна төріне шықты. «Домбыра – асыл мұра» атты шараның басты қонақтары дәстүрлі ән мен күйден тарту жасады. Тұрғындар концерт тамашалап қана қоймай, викториналық сұрақтарға да қатысты. Дұрыс жауап бергендерге, әрине, мерекенің басты символы домбыра табысталды. Домбыра әр қазақтың төрінде тұрса, құптарлық іс. Сондықтан бұл жерде қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан ұлттық аспаптар көрмесі де өткізілді.

Шалқар Рысханов, «Байжігіт» қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері: 

- Әрине, бұл мереке домбыраны серік еткен өнер иелерін бір серпілтіп, халыққа рухани дем сыйлағандай болды. Сондықтан бүгінгідей заманауи технология меңдеп бара жатқан заманда дәл осы ұлттық дүниемізді ардақтап, құрметтеп, насихаттауға арналған мерекенің бекітілгеніне шынымен де ризамын.

Мейрам осы концертпен шектеліп жатқан жоқ. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамбелясының мүшелері бүгін алғаш дүние есігін ашқан екі нәрестенің анасына қоңыр домбырамызды сыйға тартты. Ал шаһардағы мұражайлар қарбалас қызмет көрсетіп, ұлттық аспаптың тарихынан сыр шертетін танымдық көрмелерлер ашылды.

Осылайша Ұлттық домбыра күні сананы сілкіндіріп, рухты жанитындай шараларға лық толы болды.

Авторы: Эльмира Ахметова

Хабар 24 телеарнасы