352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

І.Есенберлиннің «Ғашықтар» романы бойынша түсірілген сериал көрерменге жол тартады

  • 227

Астанада Ілияс Есенберлиннің «Ғашықтар» романы бойынша түсірілген сериалдың алдын ала көрсетілімі болды.

Шығармашылық топтан бөлек астаналық тұрғындар да көркем туындыныны алғаш болып тамашалауға мүмкіндік алды.

«Ғашықтар». Көрерменге жол тартқан сериалда романның атауы да, ондағы басты кейіпкерлердің есімі де қаз қалпында сақталған. Тек суретші-мүсінші Жантастың қызметі қазіргі заманға икемделіп, «суретші-дизайнер» деп өзгерген.  

Ал сериал мен жарты ғасыр бұрын жазылған шығарманың оқиғалар желісінде аздаған айырмашылық бар. Алайда картина да негізінен қос ғашықтың шынайы сезімі мен мөлдір махаббаты жайлы баяндайды. Сондай-ақ романның ең бір қызық бөлігі – Аяужанның биік краннан құлайтын тұсы да сериалдан көрініс табады.

Самат Шәріпов, режиссер:

- Біз бұл көрініс бойынша әлі жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге сериалдың жартысы дайын. Ал кейіпкердің краннан құлайтын тұсы 9-серияға жоспарланған. Өзгерістер бар. Алайда Ілияс Есенберлиннің кітапта айтқысы келгенін біз экранда көрсетсек дейміз.

Ілияс Есенберлиннің қазақ әдебиті тарихында ең көп роман жазғаны белгілі. Ал «Ғашықтар» – солардың ішіндегі соңғысы. 

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Көп адам білгенімен, көп адам оқи қоймаған. Әлі де өзінің оқырмандар арасында үлкен бағасын алды деп айта алмаймыз. Сондықтан таңдау осы романға түсті. Осы кино арқылы, киносүйер қауым арқылы кітапсүйер қауымға жолдама жасау, солардың жүрегіне жол табу, Еснеберлиннің шығармашылығын насихаттау мақсатында таңдалған.

Картинаның алғашқы сериясы «Хабар» арнасында 3 шілде күні көрсетіледі. Көрермендер сериалды дүйсенбі мен бейсенбі аралығында кешкі сағат 21:30-да тамашалай алады.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, ЕРмек Кеншімбек

Хабар 24 телеарнасы